Posted in

АЙТСА АЙТҚАНДАЙ

Сарыбала денесі түршіғе қарап тұр. «Бұлар осыдан кейін де көріседі, күліседі, ә?! Төбет емес, даланың тағы шошқасы ?ой анау!..» дейді Төбетті. Айтса айтқандай. Бәрін ұқсатып отырған, құл, күн, есебінде жүрген қатынды, қойшыны қамшымен ғана жұмсайды. Жапан далада екеуден екеу сыбырласу өрескел көрінсе де Сарыбала құлағын тосты. Қайнағасы айтып жатыр: — Қыр елінде мал көп, шіріген бай. Олжаға қарық боласыңдар. Білдің бе, Кемі бір елу қой айдап әкел де, Қожаның қойына қосып жібер. Білдің бе. Бұтарлап жеп жатайық. Балам, пысысаңшы. бір. Сонау түк білмейтін, түгі жоқ, Нашарбек, Ақбас Жұмабек, Ақанайларға дейін атқа мініп, алдына мал салып алды. Мал таппаған жігіт жігіт пе! Сендей күнімізде ойдан орып, қырдан қырып тастайтынбыз. Міне сәті түсті, қимылдап қал. Білдің бе…