ТАС ҚОРЫҚ
Қойдың сүтіне отқа қыздырылған тас салып қайнатып ішуді осылай атайды. ~ Қой сауып, сапты аяққа сүт толтырып қойған екен, дереу шақпағын шағып от тұтатты. Отқа бірнеше тас салды… Жапан даладағы қойшы тіршілігін тамашалап отыр бала. –Тас неге саласын? — Тас қорықты әлі көрмеп пе ең? Тасты қыздырып, сапты аяқтағы сүтке салам. Сүт қорылдап қайнайды. Екеуміз ішеміз сонсоң. Жылқышы етпен, қымызбен сыйласа, қойшы қонағын осылай сыйлайды. Ғ.Мұст.
