Салт атты адамның қамшысы. ~ Қонағы рақмет айтып атына мінгенде, ол қолын жайып тіл қатты: — Орамалы қайда? Сасып қалды Сарыбала. Қалтасында ақша, бойында басы артық іштеме жоқ. Ат жүргішін ұсынды. Төбет бір жымың етіп, алғалы келе жатқанда қолына берместен, тастай берді де жүріп кетті. Былай шыға сыбап келеді. Бір аяқ қымыздың қызуы алдақашан басылған. Шай дәметкен cap самауырыны жанжалдың астында қалды. Қарны ашты. Оның үстіне ат жүргішінен айрылды. Аштық пен ашу қабаттағанда біреу шарт сынса, біреу шатынамай ма. Сарыбала кәзір жалақтап жан-жағына қарай береді. Ғ.Мұст.
