Үлкен, кең шаралы бадырақ көзді. ~ Бір кездегі екі дос бала енді бірі бой жетіп иығына шашы төгіліп, төмен қарап, екі беті өртеніп турды да, екіншісі шалқалатып шаш қойған, тік иық костюм киген, жұқа өңді, бадана көз, тұлғалы жігіт боп алдындағы бойжеткеннің сұңғақ бойынан көз ала алмай қарайды. С.Елу. ~ Баданадай көздердің сарғыш тартқан ақ етіне айқыш-ұйқыш жолақ боп айғыздана жамыраған қан тамырлары тарамдалып шыға келді. С.См. ~ Комбаттың баданадай қос көзінен Риза боп сүйіп тұрса Панфилов қарт! Ә.Нұрш. ~ Әкесін халық жауы деп ұстап әкеткенде анасының жасы небәрі жиырма бесте еді. Көзі баданадай, аппақ ару. Н.Дәу. ~ Махамбет одан сайын үрейлене түсті. Баданадай көздері шарасынан шыға бақырайып қарапты да қалыпты. М.Әбд. ~ Бұп-бұлтық өкшеңменен тебінесің, Ұмтыласың, шалқалап шегінесің. Баданадай көздерің бақырайып, Ей, өмірдің қонағы, не білесің? М.Мақ.
