Posted in

БАЗАРДАН ҚАЙТТЫ

Ғұмырының көбі өтіп, азы қалған адам туралы. ~ Өмірдің мән- мағынасы қосу мен алу екеніне осылай көзі жетті. Шүкір, өзі жер ортасынан асты, базардан қайтты. Қ.Түм. ~ Кей күндері кемпір екеуі қатар-қатар жайғасқан кино кино көрерменінше ауа сыртындағы кеңістікке телмірген күйде алақандарын тізелеріне қойып күн ұзақ отырады. Зейнеткер қария мен мектеп жасына жетпеген бала бұдан басқа не істемек? (Кейін ойласа, ол бір базардан қайтқан, бірі о жаққа енді ғана бет түзеген екі адамның дәл жолдары түйіскен тұсы екен). М.Мұқ. ~ Дүние шіркін бір қалыпта тұрмайды ғой. Буын ауысады, кәрінің орнын жас ұрпақ басады. «Көп жасаған кәрінің құрдасы қалмайды» дегендей, ойлап отырсам, біздің де қатарымыз сиреп қалған екен – ау… Біз базардан қайттық, сендер ентелеп енді келе жатырсыңдар. Мәңгі тарқамайтын өмір базары деген осы! — деп сол жүдеу тартып, көкірегін қарс айыра күрсінді. Қ.Жұм.