Posted in

БАЗАР НАРҚЫ

Тауардың базардағы құны. ~ Атына сөйлесіп көріп едім, «Базар нарқынан артық сұрамайын. Өзің көріп тұрсың, бірнеше адам қызығып келіп, мінезінен тайқып кетті», деп атының сырын айтты. С.Бег. ~ Е-е, базардағы еттің көтерілуі де содан екен ғой, – деп Қарасай базар нарқын естігенше асыға түсті. С.Жүн. ~ Әсіресе, Итекенің қаратікен тұзы базардың нарқын көтеріп тұрған. Дәмі күшті, әрі жалт-жұлт етеді. Б.Тоғ.