Posted in

БАЗЫНА ЕТТІ (ҚЫЛДЫ)

Сөзіңе құлақ асатын, жақындығы бар адамға айтылған тілек, өтініш, наз туралы. ~ Еліне ән-жырыңды базына етіп барғанда жіберсе ше жазым етіп? Б.Тоғ. ~ Қартайған Қожаберген айтты дерсің Барғанда сәлем бере базына қып, Төрінде кәрі тарлан жатты дерсің, Өткенді ертегі – жыр қазына ғып. Н.Әбу. ~ Петькаға достығымызды базына ғып: − Олай болса маған орыс тілін үйретсеңші, ең болмаса сол кітапты оқиын,- дедім. С.Мұр.