а) Түңілді, күдер үзді; тіршіліктен безді, тентіреп кетті. ~ Ата-баба дәстүрінен баз кешуге айналдық. И.Сап. ~ Шәріпханның ойынша, мен осының бәрінен баз кешіп, мақұлдық білдіруім керек пе?! Ж.Шәк. ~ … ұзақ ғұмырдан еңбегім – еш, тұзым – сор күйде баз кешіп бара жатқан менің жаным тыншу табар деп пе едің?.. К.Сег. ~ Біреулер алақанда аяланып, майға оралып өссе дүниеде өз басы ғана еркін, ерке болып жаратылғандай асқақтап ойына не келсе соны істейді де, басына болымсыз іс түскенде күрт түсіп, тірі тозақты бір ғана өзі тартқандай күйгелектеніп, жалғанның жарығынан баз кешеді. Ш. Рах.
ә) Өмірден өтті, қайтыс болды. ~ Әрине, Әлімқұлов жас кезінде өмірге құштар жан болатын. Серілік те құрды. Кейін дүниеден баз кешті. С.Шай. ~ Баз кештің бе, әке?! Жан тапсырдың ба, жазатайымда, Бітпес демі жоқ мәңгі ешкімнің де, Кетті ме арман аза бойында. К.Мырз.
