Жан даусы шығып, азар да безер болды; дау шығарды.
~ Жүрейін деп еді, жеңгесі: — Бармашы, тетелес! – деп байбалам салып, кәне жіберсінші. Қартқожа дауысқа қарай барам деп бұлқынады. Ж.Айм. ~ Үш ұлы барлар бірін береді, екеуі қалады. Қабаққан дейтін адам екі ұлының бірін беріп, бірі қалған екен, кісі беру нәубеті айналып қайта келгенде, кемпірі байбалам салады. Ғ. Біл. ~ Мұндайда, әрине, әйелдің көз жасы батыр. Жылап-сықтап байбалам салды-ай кеп! Т.Берд. ~ Сонда да қырылдап кеберсіген тамағын мұжиған, малтақ саусақтарымен тырналай жүріп, ауыз жаппай байбалам салып бақты. Е.Мұх. ~ «Ойбу, олай болса еңбегім желге кетіп, несіне арам тер болам?» – деп, бұл да бастықтарға байбалам салған. Ә.Асқ. ~ Әйел байғұстың елді көшіріп байбаламға салып жүргені сол екен. О.Сәрс.
