Шыға (жүре, кете) алмай қалды, кідіріп қалды; жабысып қалғандай болды. ~ Осы бір сұмдық көріністен басым айналып, кейде тіпті көзім қарауытса да, байланып қалғандай кете алмай тұрмын, қарауға қорықсам да қарамай кетпей тұра алмаймын. Т.Ахт. ~ Онсыз да төбелесу ойында жоқ, әйтеуір басын қорғамақ Қанат жан-жақтан тарыс байланып қалған соң, ұлттық намысы тапалып, жан ашуы қабындаған Марат аясын ба, ал келіп соқты, ал келіп тырнады, ал келіп жұлды. М.Мағ. ~ Тек осы арадан көшу керек. Ол тегі осы бір құдай да ұмытып кеткен жерге шынжырмен мәңгі-бақи байланып қалған жоқ қой. Ш.Айт.
