Тиянақты ой; қорытынды пікір; уәделі сөз. ~ Қысқасы, енді бір жұма орайында Семейдің ар жақ, бер жағы және толып жатқан жақын елдер, жатақ ауылдары мүфтиге қосылу туралы байлаулы сөзін айтатын кез жетіп еді. М.Әу. ~ Болыс әлі де үндеген жоқ. Ойланғандай, байлаулы сөзді айтпай, іркілген сияқты ма, болмаса, бір талай уақыт күдіктендіріп барып, қымбаттап түспек пе, үй іші түгелімен Бақтығұлға жылы шыраймен қарап, тілегін беруге қарсы емес сияқтанса да, болыс бұл түнде еш нәрсені байлаған жоқ та, Бақтығұлдың сөзін әзірше шешусіз қалдырғандай қылып, жауап берген жоқ. М.Әу.
