Тиянақсыз, құбылмалы, бірде олай, бірде бұлай. ~ Көңіл, күнгірт ескіліктің Солар сырлы ертегісі, Байлауы жоқ сағым түсі, Қауіп, болжал, талқы, өсектің, Я бір мылжың ертек арты, Я жас қыздың жазған хаты. І.Жанс. ~ Өтеді бәрі, елеске ұқсап өтеді, Байлауы жоқ, белгісіз тұрақ, мекені. Қ.Бұғ. ~ Сөзге тым ширақсың, іске қалайсың деп мен тұрдым. Әлде сенікі тақылдаған тіл ме екен. Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық. Б.Қыд.
