Әлдебір жағдайдың, сөздің, мәселенің мән-мағынасын жете ұқпады, терең бойламады. ~ Сол бұрынғыша арсың-күрсің сөйлеп, не айтсаң да онша байыбына бара қоймай, ыржиып күле береді. О.Сәр. ~ Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай- талай өнегесін орындай бермейтінмін… Б.Мом.
