Тыным таппай, мазасы кетті, ұзаққа шыдамады. ~ Молда жолығып қалса, сәлем беретін, бірақ байыздап тұра алмайтын. Мұқанның онысын сезіп молда да сөз қатпай тоң айбатпен жүретін. Ж.Айм. ~ Ертеңіне, әдепкідей байыздап отыра алмай, Ғылыми кітапханадан күн еңкеймей шықсам, сыртта баяғы… М.Мағ. “~ Кейін Әзімқанның Абайды мінеп, айыптап, оған барудан айнығанын анық білгенде, Оразбай отырған орнында байыздай алмай, қуанғаннан жорғақтап кетті. М.Әу. ~ Екі-үш күндей алағызып жүрдім. Бір орында байыздап отыра алмай жүгіргіштей б ремін. Су жаңа киім сатып алғанда, жұрт көзіне түскің кеп. Ө.Кәр.
