Posted in

БАЛАҚТАҒЫ БИТ БАСҚА ШЫҚТЫ (СЕКІРДІ)

Өзінен төмен адам басынды, қорлады, намысқа тиді дегенді білдіреді. ~ Менің балам тірі болғанда соның тіршілігінен аужал алып телміріп отырушы еді. Балақтағы биттің басқа шыққанын көрмеймісің? М.Әу. ~ Сол-ақ екен Қалып шешей жүресінен отыра кетті де, жұдырығымен жерді түйіп:
— Ойбай, Молдеке, ойбай! Ойбай, балақтағы битті баскқа секіртіп… — деп, топырақты уыстап шашып жатыр. М.Мақ. ~ Бұл заманның азғаны ма, әлде адам атты қасиетімізді жоғалтқанымыз ба, оны мен білмедім. Қазақ шіркін балақтағы бит басқа шапты деп осындайды айтады екен ғой. О.Көш. ~ Тірі жүрсем балақтағы битті басқа шығарған бұл өкіметтен, оның сен соқырдай, сенің анау қайралған болаттай тез арада жетіліп, қолына қару ұстап, соңына қол жинап, мені қуғындаған кемсамалыңнан өш алмай тынбаспын, деген әкеме берген антым бар. Р.Рай.