Posted in

БАЛА БАСТЫ

Көп балалы, бала бағудан көзі ашылмайды д.м. ~ Қазақтар бір кезде ерте үйленген. Он бесте отау иесі. Көшпелі өмірде бала басты әйелдер елуінде саптан шығып қалады. Қ.Жұм. ~ Жап-жас жігіт Әміров үйелмелі – сүйелмелі төрт кішкене балаға әке болып үлгерген. Әйелі бала бастылықтан салақсып кеткен салпы етек біреу. Б.Соқ. ~ Қанша оқыды дегенмен әйел адам, ертең бала басты болған соң қиын болмай ма? – десіп жан аши сөйлесе … С.Жүн. ~ Бала басты боп кеткесін қиын екен. Жарты ақыға істеп жүрмін. Т.Ахт.