Posted in

БАЛА ҚАЗДАЙ БАЙПАҢДАДЫ

Аяғын маңғаздана, жай басып, теңселе, еркелей жүрді. ~ Тәңірім болсын панаң,– деп, Ер Шеге бата береді. Бала қаздай байпаңдап Жақындап ерге келеді, Бірін-бірі көреді. “Қыз Жіб.” ~ Ой жағалап ойнақтаған шұнақ қара қасқа лақша ыршып-ыршып түскісі келеді. Бірақ Күнікей ыршымайды: ол енді өзінің сəулім болғанына көзі жетті. Сəулім болса, бала қаздай байпаңдап, салмақпен жүру керек. Ж.Айм. ~ Жауыма да жатсың деп айта алмадым, Бала қаздай алдында байпандадым. Талай-талай сөзімнің әкесі өліп, Талай сөздің кезегін қайтармадым. М.Мақ.