Анық-қанығын білмеді, екіұдай пікірде болды. ~ Қардың жауар, жаумасына балды да, балсыз да болмаған қарт, түнде іздеп барып Шымболатқа жолықты. С.Мұқ. ~ Қалисаның сөзіне балды да, балсыз да болмаған қалпыммең әкем мен әжеме еріп кете бардым. Оның сөзі растығына алдағы қыста ғана көзім жетті. «Бүркіт елге келе жатыр дейді» деген хабар естілгенде: — Айтпадым ба,— деді Қалиса маған оңаша жолығып, шүйінші сұрап,—«сүйгені рас болса оралады» демедім бе? С.Мұқ.
