Әлдебір құбылыстың (өмірдің, күннің т.с.с.) тез өтетін қысқалығын сипаттайтын тұрақты теңеу. ~ Балтаның сабындай қысқа ғұмырда, тез сөнетін жарық жалғанда сыйластық, бауырмалдық қана жүрекке шуақ, өмірге сән береді. Ж.Шәк. ~ Балтаның сабындай қыстың қысқа күні болатын. Ертемен анам елге аттанды. Ауыл салт аттыға күндік жер. Түстен кейін оқимын. Сабаққа кеткем. Келсем, мектеп ауласының іші ығы-жығы, тағы да әскер жүргелі жатыр, тағы да күңіреніс, бала жүректі бауырдай езген зіл-батпан ауырлық. К.Қаз.
