Бекініс боларлық, тасалануға да ыңғайлы қалтарыс жота. ~ Сол жерге келіп: балта сабы екі кезеңнің түбінде қақ бөлініп тұра қалдық. Түрлерімізден адам шошығандай болып кеткен екенбіз: тымақтың құлағын тегіс жымыра байлап алғанбыз; өңіміз сұп-сұр, қолда — бір – бір шашақты найза, қара сойыл, ұзын айбалта. М.Әу. ~ Енді екеуің айланба. Арттарыңа қарап, алаңдаушы болма. Қара қысаңды аз өрлеген соң, оң жағыңа айлансаң, шолақ сайдың басында балта сабы кезеңшеге алып шығатын секірме, аттама бар. Соған жетпей аттың басын тартпа. Ж.Сәм. ~ Балта сабы қыратқа шыға бере тайшұбардан домалап түскен Боранқұл қылышты жендеттердің бірнешеуін қадап атып құлатып жіберген еді, қырат үстінен атып тұрған мылтықты адамды көре сала әлгіндегі көк көз офицер мойнындағы мылтығын алуға үлгірмеді, Ғ.Біл. ~ Көштің алды суат басына қарай балта сабы қыратшадан аса төгіліп келе жатқанда қарсы беттен сақылдап-тақылдап қоя берген оншақты мылтық шалғыдай сыпырды. Ғ.Біл.
