Көз ұшында жалт-жұлт еткен құбылмалы көрініс туралы. ~ Қазан–аяқ жақта табақ жинасып жүрген ұзын бойлы сұйық қасты қайқы ерін егде қатын еңкейгенде алдына түсіп кеткен шашбауын түзеген боп, артына бұрылып, иығынан асыра төр жаққа бір қарады. Балқыған қорғасындай жалт ете қалған кезінде суық сұс бар екен. Ә.Кек.~ Бұлт керуені асығыс. Аумағымен қопарыла түйдек – түйдек жөңкіліп, бірін-бірі кимелей өңмендейді. Балқытқан қорғасындай сырғыған қарасұр кейбіреулері тым төмендеп кетіпті, бауырымен жер сызардай, ызбарлана жылжиды. С.См. ~ Бәріміз жапа-тармағай аспанға қарадық. Шынында да жұлдыздар жайшылықтағыдан әлдеқайда көп еді. Баттиып-баттиып, балқыған қорғасынша сорғалап ағып түсердей боп жарқырайды. С.Мұр.
