Posted in

БАЛ ШЕКЕРДЕЙ СӨЗІ БАР (СӨЗДЕРІ)

Тәтті сөзімен баурап алатын, тілінен бал тамған д.м. ~ Бет алдына қарасам, Шам-шырақтай көзі бар, Бал шекердей сөзі бар. Бармақ болсаң төсекте Ханбибі қыздың өзі бар, Маржандай болған тісі бар. “Қисса -и Қарабек”. ~ Кеудең жатыр былғанып, Аяқ-қолың шұлғанып, Кебінің жоқ, көрің жоқ, Жерде жатар ер ме едің? Құмға былғап шашынды, Көзден шыққан жасыңды Жерге ағызар ер ме едің? Гаухар басың иленіп, Алтын тәнің былғанып, Дарға асылар ер ме едің? Қарақаттай көздерің, Қызыл гауһар жүздерің Бал шекердей сөздерің, Бір көруге зар болдым… “Бозжігіт”