Posted in

БАРМАҒЫНАН БАЛ ТАМҒАН

Асқан өнерпаз, бесаспап шебер. ~ Ұзынша аппақ саусақтары скрипка шектерін бойлағанда өзгеше шапшаң. Анық «бармағынан бал тамған» дейтін осы. Шебер, қиын, мол қимылдарды шапшаң сәнмен атқарады. М.Әу. ~ Буынсыз он саусағы күй қағуға, Көңіліне тыңдағанның от жағуға. Бал тамған бармағынан домбырашы Жан терге түсіп отыр мынау дуда. І.Жанс. ~ Бірақ бармағынан бал таматын шебердің жүк аяқтың астындағы ағаш қобдиды әрірек ысырып тастап, қара көрікті көрмей кеткен тұсы да бар еді. Ә.Кек. ~ Мәмбетия халқының әрқайсысы белгілі бір роль ойнап жүрген артист сияқты, бармағынан бал тамған аспаздан бастап таңдайына бұлбұл ұя салған әншіге дейін. Т.Сәу.