Posted in

БАР БОЛҒАНЫ ОСЫ (ҒАНА)

Осы ғана, басқа ештеңе болған жоқ д.м. ~ Шаң–топырақ, бөкпе құм деп жүрген туған жер бәленше ғасыр бойы білдірмей ғана аққұмдықтарға пайдасын сұмдық тигізіпті. Су екеш суына дейін Қаймақ, Нұржан Ақбердин батырлардың, Түйе атаның бойына күш–қайрат болып құйылыпты. Бар болғаны осы. М.Қаб. ~ Он бес шумақтан астам өлеңде ақынның айтайын дегені алтыншы «А» класында оқитын Тұраштардың, жетінші «Б» класында оқитын Ғашықбектердің махаббат туралы ән шырқайтындығы. Оқушылардың бұл қылығын ерсі көрген ақын «астапыралла!» деп жағасын ұстайды. Бар болғаны осы. Ш.Сар. ~ Асқынып кеткен аран сөзге тосқауыл табылмай қалғаны рас, ондай еркіндікті, қала өмірінде кездесе беретін еркіндікті бейбастық деп санаған жұрт таңдайын тақылдатып, бетін шымшып, сан– саққа жүгіртті ғой. Менің сол қылығымды естіген ата– анам намыстан жарылып кете жаздады ғой. Бар болғаны осы ғана!” Ә.Тар.