Болған-болмағаны күмәнді д.м. қазақ ертегілеріне тән рефрен. ~ Бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде, ертегі еткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті. М.Әу. ~ Бар екен де, жоқ екен, Аш екен де, тоқ екен, Ертек, ертек, ертекте: Ала қарға – азаншы, Қара қарға – қазаншы, Шымшық терген шөпшекті. М.Жұм. ~ Аққан бұлақ, Жанған шырақ, Бар екен де жоқ екен. Төрт нәрседен үміт бар, Бір нәрседе үміт жоқ, Қара сақал әкем бар, Қара шашты шешем бар, Жеті жетім жан қинар, Бес атаның малын іздеп, Әуре болған жайым бар. “Жидебай б.”
