Қолынан келетіні, шамасы жететіні; бар ойлайтыны, діттейтіні. ~ Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түзетпек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзіне бар дәулет біледі. Абай. ~ Олар қазіргі таңда өндірісті, көлікті жасағанымен, рухани жағынан шөгіп қалды. Азғындап қалды. Неге? Себебі, олар дүниенің көрінбеген сырына мән бермеді. М.Мыр. ~ Бар өнері — бақыру, тамақ жеу, күн санап өсу. Қарны ашса болғаны бақырады, бірдеме жегізсең қоя қояды. Дж.Лон.
