Posted in

БАСЫМЕН БЕРДІ

Біржола, түгелдей ұсынды, сыйға тартты. ~ Ағасын, не күйеуін, не баласын аттандырып жатып, әйелдер жымия сыбырлап: – Ұлпан апаң атты басымен берді, енді бұл біздің ат! – десіп қалды. Ғ.Мүс. ~ Еденіне сырмақ жайып тастаған төрді екі бүлдіршінге басымен берген. М.Қаб. ~ Белгібек: – Сағатыңды ұмытпа! – деді. Дәнеңе ұқпапты. – Сағат қалсын, саған басымен бердім. М.Қаб.