Posted in

БАСЫМЕН ҚАЙҒЫ (БОЛДЫ)

Өз жағдайын ойлаумен болды. ~ Сақал–мұрты аппақ. Самайтүгі де аппақ. Өзі де сілтіге салған сүйектей боп–боз. Жүріс–тұрысында да баяғы батылдық жоқ. Кібіртік. Созадаң. Бір нәрседен әбден соққы жеп, басымен қайғы болған адам ғана осындай болса керек. ~ Сүйегі қурап қалған Енесейді алға тартып қайтесің. Баласы Бесбасбайдан қамшы жеп, басымен қайғы болып кеткен жоқ па еді? З.Шүк. ~ Президентiне дейiн жемқор, обыр. Никсонның «Уолтергейт» iсiне шатылып, тақ түгiлi басымен қайғы боп кеткенi анау… Т.Сәу. ~ Осылай болғанда ғана, құрлықтардың барлығы күйреп, адамдар бiр–бiрiн құтқармақ түгiлi басымен қайғы болып кеткенде ғана, осындай дамыған өркениет iздеусiз қалады. Т.Әс.