Posted in

БАСЫНАН (СӨЗ) АСЫРМАЙДЫ

Ешкімді басындырмайды, есесін жібермейді; артық сөзді көтермейді. ~ Қазақша аңшы, серілігі, ешкімді басынан асырмайтын өр көңілі де бар… Т.Ахт. ~ … алтайдың жері таулы- тасты, орман- тоғайлы, көсіліп көкжиекке сіңіп жатар кеңістік жоқ, ал адамдарды да жарым сөзді басынан асырмайтын мәрт пе деп ойлаған. О.Бөк. ~ Жастық, мастықта не көрмедік. Бірақ басымнан сөз асырған жерім жоқ… О.Сәрс. ~ Е, басыңнан сөз асырмайтын, басқаға бас ұрмайтын, арыны да, қарымы да қайтпаған, бас асауы басылмаған баламын де. К.Сег.