Өзі көрді, басынан кешті. ~ Олар әр түрлі, бәрі бірдей шермиген, кердиген емес: айналасына мейір-шапағат нұрын төгіп тұрған талай әділ, тура әкімдерді Бәймен осы өмірінің ішінде басынан өткерген. О.Сәр. ~ Әкiм жылы қабылдады. Әртүрлi әңгiмелер айтып, халықтың хал-күйi туралы да сөз қозғады. Бiрақ, ол кiсiнiң айтқаны Жапарға әлдеқашан белгiлi жайттар едi. Тiптi, сол тiрмiзiк шақтың бәрiн көпшiлiкпен бiрге өз басынан өткерiп келедi. Ә.Ыб. ~ Иматай Вахштың жағасында тұрып өткен өмірін ойлап, ауылда қалған бауырларының басынан өткеріп жатқан қиыншылықтарын ойлап, уайымға салынды. К.Өт.
