Біреудің кесірі тиді. ~ Біз әлі қыстаудан көшкен жоқпыз. Сенің ботаң басыма бәле болды! Өзім келгенше тірі жанға көрсетпесін депсің ғой! Қораға тығып жанға көрсетпей отырмыз… Ғ.Мүс. ~ Сіз туралы Таня маған біраз әңгімеледі. Қайдан қоңырау шалып тұрсыз? — Жұмат бұл сұраққа дайын емес еді, аялдап қалды. «Үйден» дейін десе, қыздың бір ойлағаны бар болар, ертең басына бәле болса қайтеді? Е.Жең. ~ Ажалым жетсе қақалып өлермін, Фрося үшін жан пида. Сол Галя деген қыз басыма бәле болды, «күріштің арқасында күрмек су ішіп…». Әкемнің тәрбиесінен де бар. Тоқ етері — өзімнің табанымның бүрі жоқ. Әйтпесе Фрося кім, Галя кім? Қ.Жиен.
