Әлдебір ауыртпалыққа, азапқа тап болды, қуғынға ұшырады. ~ Қазақтың басына зобалаң туған кезде, «Семей не болып қалды? Азаматтар не күйге ұшырады» деген сұрау Қартқожаның ойынан кетпей жүрді. Ж.Айм. ~ «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен көр» деп, зобалаң оның басына да туып жатқан көрінеді. Б.Соқп. ~ Сонан күндердің бір күнінде Адай жігіттің басына зобалаң туып, еліне сыймай қашып шығыпты. Ә.Нұрп. ~ Қапыда қалған Қаражігіт Қорабайды ұстап, дойырмен сойып салды. Баласының өшін әкесінен алды. Ауыл үстінде ат ойнатып, қауқарсыз үйдің басына зобалаң туғызды. Ү.Жлк.
