Қиыншылыққа тап болды, пәлеге ұрынды. ~ Ақбілек: жыр жаттап та көрген жоқ еді; қыз болып ұзатылуға да әлі талай заман бар ғой деп, балалығы айырылмай жүрген 15 жасар бала ғой: Шешесі өлгеннен бері дауыс қып, жоқтағандай болған жоқ; өз басына күн туып кетті. Ж.Айм. ~ Ал Төре биге өйту неге керек? Әрине, Жәнібектің басына күн туа қалса, өзін жақтар керек. Ал Жәнібектің басына ондай күнді кім тудырады. І.Ес. ~ Ер басына күн туса, Бұта түбі үй болар. Ат басына күн туса, Көксімдегі күй болар. ММ.
