Posted in

БАСЫНА НОҚТА ТҮСТІ

Біреудің жетегінде кетті, күйеуге тиді; тәуелді болды. — Қыз деген залым келеді, жайшылықта жайдары қарсы алушы еді, бір пәлені сезген болуы керек, жымиып отырды ғой, – деп қойды Нұрекең. — Жымиып қайда барар дейсің, басына ноқта түсер алдындағы соңғы бұлқынысы да, – деп прокурор Тәшен сендіре айтты. C.Шай. ~ Басыңа ноқта түсіп, бұйдаңды басқа біреу жетектесе, жүре бермейсің бе құр ілесіп. С.Смат.