Әрбіреуіне есептегенде. ~ Түтін салығынан құтқарамын деп от басын кем жаздырған өзің едің, переселен басқармасы: жан басына шаққанда мұжықтар сыбағасынан күр қалып, қазақтар шалқып жатыр, артық жерді қайта бөлісеміз деп шатақ шығаруда. Қ.Ысқ. ~ Ауылыңа барып қайт дегенде, ағайынға жағдай айтып жылу жина деген сөзім емес. Ақсақалдардың алдынан өт. Сонда өкпе-кінәдан мені де аршып аласың… — Аға, түсіндім… — Үйсе көп, үлессе азғантай дүние ғой. Үй басына шаққанда, төрт тоғызы бес қарадан келмейді. Таңсыққожа Әліқұл тұқымы жиырма шаңырақтан асқанын еске алып отыр. З.Шүк.
