Ашу қысты, қаны көтерілді. ~ Басына қан шапшып, көзі қарауытқан Бәйтен: ─ Не бетіңізбен сөйлеп тұрсыз? – деді сыбырлап, көмейіне тасқын судай тірелген дүлей ашуды әзер тежеп. – Жүзіңіз күймей, қалай қарап тұрсыз маған? Т.Әбд. ~ Әзім басына қан шапшып, құлағы шуылдап кетті де, қасындағы әйелдің не дегенін есіткен жоқ; тек өзіне қарай аймалап келе жатқан мына бір мұп-мұздай қолдан тіксініп, жолатпай қағып жібере жаздады… Ә.Нұрп. ~ Доктор Бейкердің басына қан шапшып, тізелері қалтырап етті. «Шошқа!» дегісі келді айқайлап. Ол тіпті бұдан да зор жанға бататын бірдеңелерді айтқысы келді. Т.Әбд.
