Posted in

БАСЫНА ӘҢГІР ТАЯҚ ОЙНАТТЫ

Басынды, жер-жебіріне жетіп тілдеді, күн көрсетпеді, ығырын кетірді, жүндей түтті. ~ Ертең түске таман бітіріп беріп жібермесем, ол менің басыма әңгір таяқ ойнатады, – деді. Ә.Шәр. ~ Әбден мезі ғып болдыңдар ғой, түге. Қит етсе басымызға әңгіртаяқ ойнатасыңдар. Жетер енді тәлкектерің. С.Ом. ~ Осы тамақты «чахохбили» деп бір грузиннің алдына қойса бар ғой, аспаздың басына сөзсіз әңгір таяқ ойнататын еді. Т.Бер. ~ Ши көшенің басында тұратын Қатипаның басына көршісі Кәмалия әңгір таяқ ойнатқан екен, оның да амалы табылыпты… А.Сәб.