Өз бетімен күн көріп, жақсы-жаманды айырып, түзу жүруге шамасы келмейді. ~ Сылбыр екен ғой. Тұрысын қарашы, сүмірейіп, – деді ішінен. Қырық адамды басқармақ түгіл өз басын алып жүре алмайтын нәрсе ғой». Т.Ахт. ~ Не жазып ек құдайға, бетiмiз күйiп жерге қарап қалдық қой! Қара басын алып жүре алмаған жаман қар, бүйткенше неге қара жерге кiрмедiң, ойбай!.. Т.Сәу. ~ Ауылдан келген ашық ауыз боз өкпе студент ел бастамақ түгiлi, өз басын алып жүрiп алсын! Т.Сәу.
