Posted in

БАСЫН АРАШАЛАДЫ

Өз жанын аман алып қалудың амалын жасады. ~ Басқа біреу болса, келген жауға елші салып сөзге келер еді. Бар кінәні Нұртайға жауып, басын арашалайды ғой. З.Шүк. ~ Жазылған өлең, айтылған сөздің қате емес, дұрыс, өтірік емес, шын екендігін айтып тұрып алмай, өз басын арашалаумен ғана әбігерленді ғой. Ғ.Біл. ~ Ажалы жетпесе әлі-ақ тұрып кетеді. Соғыста мұнан да зорын көргенбіз, — деп жұртты жұбатқан болып, өз басын арашалап құтылды. Қ.Ысқ.