Жанын құрбан етті. ~ Бұл Демежандай ерімнің қанша жыл халдайлармен алысып жүріп, әрең алған қағазы емес пе еді. Есіл ер күні кеше сол үшін басын берген жоқ па?! Қ.Жұм. ~ Сонда, «кекті бесіктің» құны үшін әр бес қазақтың үшеуі басын бергені ме? Т.Жұр. ~ Сонда бір байқағаным, халқым деп қан жұтып, елім деп еңіреген, тіпті сол жолда басын берген Демежандай азаматты өте сирек ұшыраттым. Қ.Жұм.
