Posted in

БАСЫН ҚАРАЙТТЫ

а) Қайтыс болған адамның басына тас қойды, ескерткіш орнатты. ~ Балаларым хош көрсе, соның ақшасына марқұмның басын қарайтып, бейітіне бір белгі қойсам деймін. Д.Әш. ~ «Ананы бұзып, екі-үш күн ішінде Төремұрат батырдың басын қарайтыңдар» деп бұйрық береді. Қ.Тоқм.
ә) Бас қосты, бірікті. ~ Ал, біздің қазақта он қараның басын түзесе бай, он баланың басын қарайтса би болып шалқайып алады да, ортақтасып қам жасайтын шаруада ешкімге дес бермей қасарысып отырғаны. Ә.Кек. ~ Бөгенбайдың бес ұлына, немереден Саданбайдың Қожақметі, Шалқардың Алашы ерді. Жеті жігіт басын қарайтып ауылдан шыққан. З.Шүк.