Жаулап алды, тартып алды, иемденіп кетті. ~ Оның Грекияны (Көне Юнан) жаулағандағы түп мұраты – қондыгер-қаңлы, басына күн туғанда аунай салатын Еуропаның құт қонған жасыл жазира жайлауларын басып алу. Т.Әс. ~ Бұдан кейін бөгелместен көршілес тағы екі селоны босаттық. – Немене, Сіздер селоны басып алғанда немістерұйықтап жатыр ма еді? А.Жақс. ~ Бегедай сұлтан Алтайдың бір жақ шетін билеп жатқан көршісі Әрін сұлтанға кісі шаптырады: «Қалмақтың қалың қолы басып алмақшы. Шаңырағыңды шағып, күліңді шашамын деп қаһарын төгіп келеді. Ж.Сәм.
