Не себепті осындай жөнсіздікке бардың, мұндай күнге қалай жеттің деген мағынада. ~ …мына түріңе қарашы. Сұмдық! Не басыңа күн туды? Неден қысылдың соншалық? Жазушы деп сені кім айтады. Б.Соқ. ~ Қайдағы бәлені шығарып, басыңа не күн туды соншама? М.б.Т. ~ Ғұмырында аузы аққа жарып көрмеген біздің үй мен Таңатардың туған жер, өскен елін тастап тұра қашатынындай басына не күн туды … О.Бөк. ~ Көзің- көзің дей бересің! Менің көзім сау, құрттап кеткен өз көзің емес пе, Лимажан- ау, сенің басыңа не күн туды? Ә.Тар.
