Аямай, бас-көзге қарамай (ұрды, соққыға жықты). ~ Шөке жамба-жам орнынан тұрғанша екі азаматта жетіп үлгіріп тепкілеп, басы-көзің демей қамшымен шықпырттай келіп. Б.Жұм. ~ Даланың бүкіл масасы бізді күтіп тұрыпты. «Шатырға тығылып алып шықпай қойып едіңдер, бәлем, енді шықтыңдар ма?» – дегендей, басың-көзің демей төпелей жөнелді. Ж.Шәк. ~ Өршелене түскен қатынға ендігі керегі осы дегендей, қойшы орнынан атып тұрып босағада тұрған қамшымен әйелін басы-көзің демей тартып-тартып жіберді. Б.Жұм. ~ Әсіресе әйелін басы-көзі демей сойылдап жүрген батырдың қолындағы қамшыны жұлып алды да тізесіне салып екіге опырып лақтырып жіберіп … Б.Жұм.
