Posted in

БАСЫ АЙНАЛДЫ

а) Елітті, еркінен айрылды; тым масаттанды. ~ Жұрт дабыра болып, баталы сөздер борап кетті. Ғұмыры көрмеген қошеметтен Әтікенің басы айналды. Б.Нұрж. ~ Қыз тағы да сыңғырлай күлді. Махаббаттан басы айналған хор қызындай еді. О.Уайльд.
ә) Масаттанды, кеудесіне нан пісті. ~ Биліктегілер өздерін биіктемін деп ойлайды. Солай ойлаған соң да бірде болмаса, бірде бастары айналады. Басы айналған адам, әрине, құлайды. Құздан құлаған құлжадай. И.Сап.
б) Шаршағаннан, ауырғаннан болатын әлсіздік, лоқсық қысу туралы. ~ Адам адасқанда басы айналар білем,— дейді Нұрша.— Дегізердің төбесін көріп тұрып, қалай жүрудің ретін таппадық. Т.Әл.