а) Айттырылып қойғвн, құда түсілген. ~ Жәмештің бүгінгі хәлі, бұрынғыға қарағанда, көп өзгерген. Бұл күнде оның басы бос емес, ол қазір де күйеуі келіп жатқан қалыңдық. М.Әу. ~ Шынында да Айшараның басы бос емес, бала кезінен құдаласқан жері бар болатын. Ж.Сәм.
ә) Ерлі-зайыпты. ~ Шешесі басын шайқады. − Жоқ. Оның басы бос емес екенін мен білетінмін. Бірақ біз бір-бірімізді шынайы сүйдік. О.Уай.
