Posted in

БАСЫ КЕТТІ

Қуғынға ұшырап, жаза тартты, мерт болды. ~ Менің әкем, жаппай қырғынға ұшыраған халық кегін қайтарам деп, Голощекинді өлтірмек болған екен, талабының өзі ерлік қой! Сол жолда өзінің басы кетті… Б.Тоғ. ~ Үкіметке шағымданып, арыз айтамын» деп қорқытады. Түйе түгіл тоқты сойғанның басы кетіп жатқан заман. Ү.Жлк. ~ Ел болайын депті ғой. Мұнан артық қайтеді, тәйір- ау! Бұрын бүйтіп ұлтын мақтап, өлең айтқан қазақтың басы кететін. Т.Рыск.