Posted in

БАСЫ-КӨЗІНЕ ҚАРАМАДЫ

Ештеңемен есептеспеді, ештеңеге мән бермеді, оң-солын айырып жатпады. ~ Ертеңді ойладық па? Қолына ойыншық түскен сотқар баладай, біз осы дүниенің басы-көзіне қарамай, тек қиратып, тек сындырып, тек бүлдіргеннен басқа не бітірдік? Ә.Нұрп. ~ Желі оңынан тұрып, абыройы асып тұрған кісі дүниенің басы-көзіне қарай ма! Ә.Кек.