Бір жерде тоғысты, жиналды, кездесті. ~ 1928 жылы «Ақкөл» бойында отырған Теміртас үйінде басымыз қосылды. Е.Байб. ~ «Сейiт! – деп күрсiндi ол. – Иә, сен баяғы Сейiтсiң–ау! Екеумiз темiр жолдың екi рельсi сияқтымыз ғой. Ешқашан, ешбiр заманда басымыз қосыла алмайды. Сенi көргенде, тiптi, ойламаған жер– ден есiме түсе қалсаң да бiттi, өзiмнен өзiм ұялам, елегiзем. Р.Рай. ~ Бір қалт етіп басымыз қосылғанда Әжібек бізге өз ақылын айтты. − Ақымақтар, ертеден қара кешке дейін шыр айналып селкілдеп желе бергенше, бір ауық дем алудың әдісін таппайсыңдар ма,– деген табалай ұрсып. С.Мұр.
