Posted in

БАСҚАН ІЗІНЕН САДАҒА КЕТ (КЕТСІН)!

Теңі емес, салыстыруға келмейді; қасында жіп те есе алмайды. ~ Жалғыз-ақ Омардың: “кетші, кет! Қамарымның басқан ізінен садаға кет!”,- деген баяғы қорқынышты жаман дауысы … С.Торы. ~ Мен сені сүйемін! Мен сені ешкімге айырбастамақ емеспін! Басқалар сенің басқан ізіңнен садаға кетсін! Ә.Тар. ~ Қамар тұрсын, Қамардың тырнағын да бермеймін. Добыра сақал Нұрымың басқан ізінен садаға! Аулақ жүріңдер, аулақ!”, – деп ұшып көкке, ұшып жерге түсті. С.Торы. ~ Айбала. Қалабай оның басқан ізінен садаға кетсін! Ә.Тәж.